Сенаторлар ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының Басшысы Н. Заруднамен кездесті

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Жылқышиев пен сенатор Мұрат Бақтиярұлы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының Басшысы Наталья Заруднаны қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Жүздесу барысында ЕҚЫҰ өкілі сенаторларды ЕҚЫҰ-ның экономика-экологиялық 21 форумының аясында өтетін жоғары деңгейдегі «Тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту: энергетикалық іс-қимылдың қоршаған ортаға әсерін қысқарту» ұлттық конференциясына және «БҰҰ ЕЭК - табыстар мен сабақтар» атты Орхус конвенциясының қабылдануының 15 жылдығына қатысуға шақырды. Шара 25-26 маусымда Астанада өтетіні жоспарланған.

Кездесу аясында сенатор Болат Жылқышиев қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ экономиканың энергиялық ауқымды және экологиялық таза салалары бойынша заңнамалық негізді жетілдіру жөніндегі Парламенттің қызметі туралы әңгімеледі.

Өз кезегінде Н.Зарудна «жасыл» экономикаға көшу барысындағы, сондай-ақ энергияның балама көздеріне арналған халықаралық «ЕХРО - 2017» көрмесін өткізу жөніндегі Қазақстанның қарқынды шараларын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар