Сенаторлар Қостанай облысындағы бірқатар нысандарда болды

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Хусаин Валиев және Жеңіс Нұрғалиев аймақтарға сапар аясында Қостанай облысындағы Алтынсарин, Қарабалық, Меңдіқара аудандарында болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Депутаттар атқарушы және өкілді биліктің, бизнестің өкілдерімен, атап айтқанда «Боровское» агрофирмасы», «Боровский автобазасы», «ВИТА» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің еңбек ұжымдарымен кездесті.

Сондай-ақ сенаторлар білім беру және денсаулық сақтау нысандарында болып, азаматтарды қабылдады. Кездесулерде қажетті инфрақұрылымдар құрылыстарын салу, аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту, зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері көтерілді. Х.Валиев және Ж.Нұрғалиев қостанайлықтарды толғандыратын әр мәселеден хабардар болып, тиісті түсіндірме берілді.

Бұдан бөлек, жүздесу барысында тұрғындарға Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтылды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалуы мен келешегі, халықтық ІРО, сонымен бірге Қазақстан Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттер туралы да хабардар етілді.

Соңғы жаңалықтар