Сенаторлар Панамада Парламентаралық одақтың 124 Ассамблеясы жұмысына қатысты

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары Ермек Жұмабаев пен Ғарифолла Есім таяу күндерде Панамада (Панама) болған Парламентаралық одақтың 124 Ассамблеясы жұмысына қатысты.
None
None

Әлемнің 120 елінен келген делегаттар жиында Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына парламенттік әсер етуге қол жеткізумен бірге, табиғат ресурстарын, ауыл шаруашылығы өндірісін басқару салаларын орнықты дамытуды, демографиялық саясатты заңнамалық түрде бекітудің рөлі туралы мәселелерді талқылады.

Пікірсайыс барысында денсаулық сақтаудағы бастамаларды, оның ішінде әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі Жаһандық стратегияны жүзеге асыруға Парламентке есеп беру мәселелеріне назар аударылды.

Жиында сонымен қатар Парламентаралық одақтың 2012 жылы Кампалада (Уганда) болатын 126 Ассамблеясының күн тәртібі қаралды.

Шара аясында қазақстандық парламентшілер Франция Сенаты мен Испания депутаттары - Р.Пикчиамен және Л.Эгускигирремен, Парламентаралық одақ Демократия және адам құқы жөніндегі комитетінің жауапты хатшысы М.Гуньенгпен кездесті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум