Сенаторлар Шымкент қаласының тазалығына алаудаушылық білдірді

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Орынбай Рахманбердиев Үкімет басшысының атына сауал жолдап, онда Шымкент қаласының тазалығына қатысты алаңдаушылық білдірді. Сауалға Оңтүстік Қазақстан облысынан сайланған депутаттар қол қойған.
None
None

«Қала халқы санының өсуіне байланысты тұрғындар қоныстанған шағын аудандар шекарасы қоқыс тастау полигонымен шектесуде. Бұл аумақта санитарлық-қорғау талаптары бұзылған. Шымкент қаласының қоқыс тастау орны 1980 жылы 30 жылға арналып пайдалануға берілген. Жыл сайын 160 мың. тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар тасталып, жиналған қоқыс сұрыпталмай, табиғи жыраларда топырақпен және құрылыс қалдықтарымен көму әдісімен жойылуда», деді сенатор.

Оның айтуынша, бүгінгі күні тазалық мәселесіне қатысты жобалық-сметалық құжат әзірленген. Оған сәйкес «Шымкент қаласындағы 34,3 га қоқыс қалдықтарын өңдеу нысандарын қалпына келтіруге» 1 млрд. 107,1 млн.тенге қажет. «Бүгінгі таңда, жаңадан тұрмыстық қалдықтар тастау полигонымен бірге, қоқыс өңдеу зауытын салу үшін қаладан 15 шм қашықтықта 40 га жер телімі бөлінді. Сондықтан, «Шымкент қаласындағы 34,3 га қоқыс қалдықтарын өңдеу нысандарын қалпына келтіруге» қажетті 1 млрд. 107,1 млн.теңге 2011 жылғы республикалық бюджеттің есебінен бөлінсе екен», деді сенатор.

Бұдан бөлек, сенатор Болат Жылқышиев Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі экологиялық проблемасының бірі ретінде өңірдегі ашық аспан астында жатқан фосфор қалдықтарын атап өтті. Оның айтуынша, заңға сәйкес бұндай қалдықтардың барлығы мемлекеттің меншігінде болуы шарт. Алайда, қазіргі күні бұларды игеріп жатқан жеке компаниялар екен. «Фосфор қалдықтарының бәрі мемлекеттің меншігіне қайтарылса игі. Ал Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қалдықтарды кәдеге жарату үшін инвестор табуы керек», деді Б. Жылқышиев.

Соңғы жаңалықтар