Сенаторлар ТМД ПА тұрақты комиссияларының отырысына қатысуда

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысуда. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«ТМД ПАА-ның экономика және қаржы, әлеуметтік саясат және адам құқықтары, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарына сенаторлар Сергей Плотников, Хусаин  Валиев, Орынбай Рахманбердиев қатысты.  Сонымен қатар, ТМД ПАА тұрақты комиссияларының отырыстары аясындағы киберкеңістіктегі жекелеген қылмыстарды болдырмау және күрес жөніндегі семинарда депутат О.Рахманбердиев сөз сөйледі.  Сенатор Х.Валиев сондай-ақ Ресей Ғылым академиясының Мәскеудегі Еуропа институты ұйымдастырған Жаһандық болжау және стратегиялық жоспарлау халықаралық институтын құру туралы Қазақстан-Ресей жобасын талқылау жөніндегі ХХХ пәнаралық пікірсайысқа қатысты», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар
Референдум