12:41, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Сенаторлар жұмыс бабымен АҚШ-қа сапарлайды
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - 6-10 мамырда Палата Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы жұмыс бабындағы сапармен Вашингтон және Нью-Йорк (АҚШ) қалаларына барады.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Сапар Қазақстан-Америка парламентаралық байланыстарын нығайту, сондай-ақ Президент Н.Назарбаевтың 2003 жылғы бастамасы бойынша шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығы аясында өткелі отыр. Сапар барысында қазақстандық сенаторлар Александр Судьин, Серік Ақылбай және Хусаин Валиев АҚШ парламентшілерімен және Мемлекеттік департаменттің өкілдерімен кездесетін болады. Бұдан бөлек, Вашингтонда сенаторлар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналған фотокөрменің ашылуына қатысады.
Сондай-ақ қазақстандық сенаторлар Нью-Йорк қаласында АҚШ-тың діни қайраткерлерімен және БҰҰ Өркениеттер альянсінің Жоғарғы өкілі Насир ан-Насермен кездеседі.