Сенатта 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебі таныстырылды

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат. Бүгін Сенатта жоғарғы палатаның төрағасы Қ.Тоқаевтың қатысуымен 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитеті есебінің таныстырылымы болды,
None
None
деп хабарлайды Қазақпарат сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Депутаттарға Үкімет есебін таныстыра отырып қаржы министрі Б.Жәмішев «қалыптасқан жағдайда 2008 жылғы бюджетке 3 330,9 миллиард теңге немесе жоспардағының 99,8 пайызы түсті, республикалық бюджет бағдарламаларын жүзеге асыруға 3 658,4 миллиард теңге немесе 99,6 пайызы жұмсалды. Республикалық бюджет дефициті 327,5 миллиард теңгені құрады», деді. Министрдің айтуынша, қаржы дағдарысына қарамастан мемлекет Президенттің тапсырмасы мен мемлекет саясатының басымдықтарын ескере отырып, әлеуметтік саланы дамыту мен бекемдеу шығыстарын қысқартқан жоқ. 2008 жылы олар бюджеттің ширегіне жуықтады және 2007 жылмен салыстырғанда 163,3 миллиард теңгеге артты.Дағдарысқа қарсы шаралар аясында республикалық бюджеттің елеулі қаржысы (912,1 миллиард теңге) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықты дамуына, агроөнеркәсіп кешенін, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, үлескерлер құқығын қорғауға және құрылыс нысандарын аяқтауға бағытталып отыр. Министр сондай-ақ миллиард теңгеден астам көлемдегі жоспарланып, игерілмеген қаржы тек үш бюджет бағдарламаларының әкімшіліктерінде ? Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінде байқалып отырғанын айтты. Есеп комитетінің төрағасы О.Өксікбаев та депутаттардың назарына мазмұны бойынша Үкімет есебінің қорытындысы болып табылатын 2008 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті ұсынды. «2008 жылғы республикалық бюджет туралы» заңның орындалуын талдау он жеті бап бойынша толық көлемде атқарылғанын, он тоғыз баптың орындалуы қамтамасыз етілмегенін, заңның үш бабы орындалмағанын көрсетті. О.Өксікбаевтың айтуынша, заң баптары мен ережелерінің орындалмауы бюджет үдерістеріне қатысушылардың бюджет жүйесінің негізгі қағидаларын сақтамауынан орын алып отыр.Әлемдік қаржы және тауар нарықтарының тұрақсыздығының теріс зардаптарын жұмсарту жөніндегі бірінші кезектегі кешенді шараларға бағытталған қаржы мөлшеріне Есеп комитеті талдау жасап, баға берді.Мемлекеттік жоғары қаржы бақылау органының басшысы атап өткендей, мемлекеттің дағдарысқа қарсы жарты триллионнан астам теңгесі толыққанды жұмыс істемейді, олар мемлекеттік холдингтің есеп-шотында, олардың еншілес ұйымдарында, бір бөлігі екінші деңгейдегі банктер депозиттеріне салынып қойылған.Салық және кедендік әкімшіліктендірудегі кемшіліктер, ішкі бақылауды жүргізу мәселелеріндегі жүйеліліктің болмауы, сондай-ақ салық және кедендік әкімшіліктендірудегі басқа да «олқылықтар» 6,1 миллиардтан астам теңге қаржы тәртіп бұзушылығына әкеліп соқты.О.Өксікбаевтың айтуынша, республикалық бюджет шығыстарын екі мәрте нақтылауға және бірнеше қайтара түзетулерге қарамастан 2008 жылдың қорытындысы бойынша 13,1 миллиард теңге игерілмеген.Еліміздің негізгі қаржылық заңының орындалуы туралы мәселелерді талқылай келіп баяндамашылар бюджет қаржысы мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануға, бюджеттік жоспарлауды жақсартуға, бағдарлама әкімшіліктерінің атқару тәртіптерін күшейтуге, бюджет субсидияларының шығыстарын мемлекеттік бақылауды қатайтуға қатысты депутаттардың сауалдарына жауап берді.
Соңғы жаңалықтар