Сенатта бюджет жобасы таныстырылды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат -     Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және  «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы болды.
None
None

Заң жобаларындағы ұсынылып отырған өзгерістер Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын   іске асыруға бағытталып отыр. Бұл өзгерістер негізінен ағымдағы жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын оңтайландыруға орай қаражатты қайта бөлуге байланысты.

Бұл ретте 2012 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы бекітілген бюджетпен салыстырғанда (4751 миллиард теңге) 485,9 миллиард теңгеге ұлғайып,  5236,9 миллиард теңге сомасын құрады.  2012 жылға Республикалық бюджеттің шығыстарының нақтыланған болжамы бекітілген бюджетпен салыстырғанда (5509,5 миллиард теңге) 507,2 миллиард теңгеге ұлғайып,  6016,8 миллиард теңге болып отыр. Ал бюджет дефициті нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 21,3 миллиард теңгеге ұлғайып, 779,8 миллиард теңгеге бекітілген.

Бұдан бөлек, 2012 жылы Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт  мөлшері 180 миллиард теңгеге ұлғаятын болды.   Заң жобасының таныстырылымы барысында депутаттар Е. Нығматуллин, С.Жалмағамбетова, Т. Мұхамеджанов, Ғ.Есім Елбасы Жолдауында айтылған қолжетімді тұрғын үй, жатақхана құрылысы, ауыл және шағын қалалар инфрақұрылымын жетілдіру туралы туралы сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

 

Соңғы жаңалықтар