Сенаттағы жұмыс тобында 2010-2012 жылдарғы республикалық бюджеттің мәселелері талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста Бәскелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері, сондай-ақ Ұлттық ғарыш агенттіктерінің басшылары үстіміздегі жылғы бюджеттің орындалуы, осы мекемелердің стратегиялық жоспарларында белгіленген аралық және соңғы нәтижелерге қол жеткізу үшін игерілген қаржылар мен қабылданған шаралар туралы депутаттарды хабардар етті.
Басқосуда агенттіктердің белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған қызметіне талдау жасау мен тиімділігін бағалау қажеттігі аталып өтілді.
Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің мақсатты көрсеткіштерінің бірі - Дүниежүзілік экономикалық жиынның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде көрсеткіштер белгіленетін бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау болып табылатыны еске салынды. Талқылауға Есеп комитеті мен Қаржы министрлігі қаржы бақылау комитетінің өкілдері қатысты.
Жұмыс бабындағы кездесу аясында үстіміздегі жылғы бюджеттің орындалуы мен нақтылануы және бюджет бағдарламаларының әкімшіліктері: индустрия және сауда, көлік және коммуникация, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері бойынша 2010-2012 жылдарғы республикалық бюджеттің мәселелері де талқыланады.