Сенаттың Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті
Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы талқыға түсті.
Бірінші оқылым бойынша қаралған заң жобасы негізінен электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталады. Құжат бойынша еліміздегі электр энергетикасын одан әрі дамыту үшін тиісті жағдайларды қалыптастыру шараларын заңнама жүзінде қамту көзделеді. Бұл ретте ұсынылған түзетулер бойынша электр энергиясын сату тәртібі және электр қуатының дайындығын қадағалау жөніндегі қызметтер бұзылған жағдайда жауапкершілік тағайындау көзделеді. Сонымен бірге, электр энергетикасы заңнамасында қарастырылған инвестициялық міндеттердің орындалуы немесе бағытталған инвестициялар мөлшері туралы энергия өндіруші ұйымдарының ақпараты кешіктіріп берілсе немесе күмәнді және толық емес мәліметтер жарияланса да жауаптылық енгізу ұсынылады.
Заң жобасын талқылаған сенаторлар құжатты палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.