Сенаттың жалпы отырысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысты бірқатар маңызды құжаттар қаралады

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - «Ертең Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы өтеді. Онда ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысты бірқатар маңызды құжаттар қаралады», деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
None
None

Отырыста сенаторлар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысты 4 құжатты талқылайды. Олар: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының қалыптастырылу және жұмыс істеу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы»,  «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құрудың жалпы принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы» және «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобасы.

Соңғы жаңалықтар