Сенбіде елдің басым аумағында күн ашық болады - Қазгидромет
Ал елдің оңтүстік және батыс аймақтарында атмосфералық ағымдардың әсерінен аздаған қар жауып, кей жерлерге тұман түсуі ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» қызметіне сілтеме жасап ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрауы ықтимал.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Қостанай облыстарында тұман болжануда.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның сулы нысандарында мұз қату процесі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Қайраққұм су қоймасынан су жіберу көлемінің ұлғайтылуына байланысты Шардара су қоймасына келетін су ағыны артады.