09:44, 15 Қазан 2016 | GMT +5
Сенбіде еліміздің басым бөлігінде көктайғақ әрі жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қазанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.