«Сенім купесі» акциясының екінші кезеңі өтті

АҚТӨБЕ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Батыс көліктегі ішкі істер департаменті Батыс аймақтық көліктегі прокуратурамен бірлесіп, «Ақтөбе қаласының әйелдеріне қолдау көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің, қалалық «АҚТҚ-орталығының» қатысуымен «Сенім купесі» акциясының екінші кезеңін өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Батыс көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, іс-шара жүргізу үшін екі жолаушылар құрамында облыстық ішкі саясат басқармасының, АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігінің, сондай-ақ Ақтөбе облыстық АҚТҚ орталығының көмегімен даярланған қажетті көрнекі құралдары бар әрқайсысында екеуден купе жабдықталды. «Сенім купесі» бірлескен акциясы шетел азаматтарына ҚР заңнамаларын, атап айтқанда ел аумағында болу ережесін түсіндіру мақсатында № 365 «Ташкент-Челябі» бағытындағы және № 6 «Мәскеу-Ташкент» бағытындағы халықаралық жолаушылар пойыздарында өтті.Акцияны өткізу барысында түрлі құқықтық мәселелер бойынша ҚР аумағымен транзиттік сапар шегіп бара жатқан 37 шетелдік азамат өтініш білдірді. Сонымен қатар, «Ақтөбе қаласының әйелдеріне қолдау көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің және қалалық «АҚТҚ-орталығының» өкілдері қайткенде есірткі құрбаны болмау, АҚТҚ жұқтырудан және басқа да жұқпалы аурулардан өздерін қалай қорғау жөнінде жолаушыларға пайдалы кеңестер берді. Жолаушыларға ақпаратты буклеттер таратылды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум