Сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайтуды көздеген тексеріс өтті - ҚР Қорғаныс министрлігі

ҰҚШҰ әскери-саясаттық өлшемі шеңберінде сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша келіссөздер туралы 1999 жылғы Вена құжатының ережелеріне сәйкес Германия Федеративтік Республикасы және Италия Республикасы Қарулы Күштерінің аталған аудандарында тексерістер өткізді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Вена құжаты ҰҚШҰ ең маңызды құралдарының бірі болып табылады және онда жыл сайынғы әскери ақпаратпен алмасу, мүше мемлекеттер арасында әскери ынтымақтастық және сенім мен транспарентілікке мүмкіндік туғызатын іс-шараларды жүзеге асыру бойынша мүше мемлекеттердің міндеттері жазылған.
Қазақстанның инспекциялық топтары Германия аумағындағы объектілерді, атап айтқанда АҚШ Құрлық әскерлерінің 5-ші Еуропалық корпусын, Италия аумағындағы - Оңтүстік-Еуропалық тактикалық топты тексерді.
Тексерістер барысында қазақстандық әскери тексерушілер аталған аудандарда орналасқан әскери бөлімдер туралы брифингті ұсынды, техника және қару-жарақтың негізгі үлгілерін байқады, сонымен қатар оқу үрдісімен және жеке құрамның күнделікті қызметімен танысты.