Сербия Қазақстанмен ауыл шаруашылығы, құрылыс, фармацевтика салаларында ынтымақтасуға мүдделі - Сербияның Сыртқы істер министрі Вук Еремич

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сербия Қазақстанмен ауыл шаруашылығы, құрылыс, фармацевтика салалары бойынша ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге мүдделі. Бұны бүгін Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған кездесуінен соң журналистерге берген сұхбатында Сербияның Сыртқы істер министрі Вук Еремич айтты.
None
None

«Мен үшін Қазақстан-Сербия экономикалық мәселелері жөніндегі комиссияның тең төрағасы болу үлкен мәртебе. Сонымен қатар Сербия бүгін Қазақстанмен арада визасыз режим енгізіп отырған Еуропадағы алғашқы мемлекет. Болашақта біз осы әрекетіміз арқылы өзге елдерге үлгі болып, қазақстандықтардың Еуропадағы визасыз қатынайтын елдерінің қатары өсе түседі деген ойдамын»,-деді мәртебелі мейман.

Сонымен қатар ол бүгінде Қазақстан мен Сербия арасында ынтымақтастықты жетілдіруге ықпал ететін мүмкіндіктердің өте көп екендігін атап өтті. «Осы ретте мен 2012 жыл біздің ынтымақтастығымызға тың серпін берген жыл болады деген үміттемін»,-деді Вук Еремич.

Соңғы жаңалықтар