16:32, 04 Қазан 2010 | GMT +5
Сербия Президенті Борис Тадич Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
АСТАНА. Қазаның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазанның 6-7-сі күндері Сербия Президенті Борис Тадич Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
Қазақстан-сербия қатынастары тарихындағы жоғары деңгейдегі бұл сапар Астана мен Белград арасындағы саяси диалогты, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды жандандыруға жаңа серпін беретіндігін атап өткен ресми өкіл «сапар барысында Борис Тадичтің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесулері жоспарланған», деді.
А.Әбдірахмановтың айтуына қарағанда, мәртебелі мейманның сапары барысында екіжақты қарым-қатынастардың жандауын көздейтін бірқатар құжаттарға қол қойылып, екі елдің іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ.