Сергей Кулагин Еңбекшілдер ауданында әлеуметтік-өндірістік нысандар жұмысымен танысты (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Еңбекшілдер ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Аймақ басшысы Макинск селолық дәрігерлік амбулаторияда медицина қызметкерлерімен кездесті. Осы орайда, өңір басшысы аталған әкімшілік ғимараттың екінші қабаты мақсатты пайдаланылмай жатқанын сынға алды.

Сонымен қатар, әкім орта мектеп пен «Балдырған» балабақшасында да болды. Бүгінгі күні білім ошағында 288 оқушы білім алып жатса, 58 бала мектепке дейінгі орталықта тәрбиеленуде. Білім беру мекемелерінде болған өңір басшысы Сергей Кулагин мектеп маңын абаттандырып, жинастыруды тапсырды. Мақпал аулында 80 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі кезде, құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалған, ол үшін бюджеттен 365 миллион теңге қаржы бөлініп, 249 миллион теңгесі игерілген. Нысанды ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңында тапсыру жоспарланған. Осы күні өңір басшысы Макинск медициналық әлеуметтік мекемесінің жұмысына да назар аударды. Бүгіндері мұнда 92 қария тұрып жатыр. Осыдан 1 ғасырдан астам уақыт бұрын тұрғызылған ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамаларды әзірлеуді тапсырды. Жұмыс сапарының соңында аудан активімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар