18:48, 02 Шілде 2013 | GMT +5
Серік Ахметов Малайзия министрі Абдул Таиб Махмудты қабылдады
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Малайзияның Саравак штатының Бас министрі Абдул Таиб Махмудты қабылдады, деп жазады Primeminister.kz.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, тараптар инфрақұрылымдық жобалардағы, энергетикалық және мұнай-химиялық, ақпараттық-коммуникациялық секторлардағы, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын атап өтті.
Алдағы жылдың басында, кездесулер барысында бірлескен кәсіпорындар құру бойынша жобаларды қарау жоспарланған Саравак штаты бизнес делегациясының Қазақстанға сапары күтілуде.