07:55, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
Серік Ахметов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына аттанды
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов сәрсенбі күні жұмыс сапарымен Астанадан Маңғыстау облысына аттанды.

Күннің алғашқы жарытысында С.Ахметовтің Жаңаөзен қаласының орталық қазандығын қайта жөндеу және кеңейту жұмыстарының барысымен танысуы, ауыз суды тазарту стансысында болуы күтілуде, сондай-ақ тұрғын үйлердің жағдайларымен танысып, қала тұрғындарымен кездеспек.
Онымен бірге, Ақтау Халықаралық теңіз сауда портында және «Кеппел Қазақстан» ЖШС кәсіпорнында болады деп жоспарлануда.