15:09, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Серік Қонақбаев Лондон Олимпиадасында алтын алуы мүмкін боксшыларымыздың аттарын атады
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев Лондон Олимпиадасында алтын алуы мүмкін боксшыларымыздың аттарын атады, деп жазады «Экспресс К» басылымы.

С.Қонақбаевтың сөзіне қарағанда, Олимпиаданың жартылай финалына шығатын жақсы мүмкіндік Данияр Елеусіновте (64 келі) және Біржан Жақыповта (49 келі) бар.
Алтын медальға келетін болсақ, С.Қонақбаев бұл наградаларға Серік Сәпиев пен Иван Дычко жете алатындығын атап өтуде.
«И. Дычко менің сүйікті боксшыларымның бірі, мен оның Лондоннан жүлдесіз қайтпауын армандаймын. Оның алтыннан алқа тағынатын мүмкіндігі бар. Өткен жылы Әлем чемпионатында ол мықты деген спортшылардың өзін жолдан тайдырды. Қытайдан келген Олимпиада ойындарының финалисін жеңді, хорваттық спортшымен де жақсы бокстасты. Оның буыны әбден қатайысып, қуаты толысқан. Табиғи көрсеткіштер оған жартылай финалға өтуіне мүмкіндік береді», - дейді ол.