01:17, 23 Қараша 2018 | GMT +5
Серік Оразғалиев Семей әуежайының директоры болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқармасының шешімімен Серік Мұратбекұлы Оразғалиев «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Серік Оразғалиев Шығыс Қазақстан облысында 1973 жылы туған. 1996 жылы Семей мемлекеттік университетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін, ал 2013 жылы Алматы қаласының "Азаматтық авиация академиясын" тәмамдаған.
Бірнеше жыл бойы Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасында жұмыс істеді, «Тұғыл-Ет» АҚ вице-президенті болды.
2002 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Өскемен әуежайы» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2016 жылы «Құрметти Авиатор» медалімен марапатталған.