Серіктестік әлеуметтік жұмыс орындарына өз қызметкерлерін орналастырған - Павлодар облысының прокуратурасы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қадағалаушы орган Қашыр ауданы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыс орындарын құру барысында заңнамалық тәртіп бұзғандығын анықтады, деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.
None
None

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 29 жұмыссыз адамды жұмыспен қамту үшін «Ақмолажолқызмет» ЖШС мен еңбекпен қамту бөлімі жұысқа орналастыру туралы келісімшартқа қол қояды, сонымен қатар еңбекпен қамту бөлімі мердігерге ай сайын қызметкерлердің 50 пайыз жалақысын (15 мың теңге) төлеп отыру керек болады.

Прокуратура тарапынан жүргізілген тексеру - әлеуметтік жұмысқа алынған 29 адамның 25-і серіктестік қызметкерлері болып шыққанын, 2008 жылдан бері осы салада қызмет істеп келе жатқандықтан, еңбекпен қамту бөліміне көмек сұрап бармағандығын анықтады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік еңбекпен қамту бөлімінің жолдамасы бойынша өзінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдап, бюджеттен 1,8 млн. теңге көлемінде қаражат алған. Аудан прокурорының талабы бойынша бюджет қаражаты толық көлемде қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар