19:41, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Сервистік-дайындау орталықтары жаңа техникалар алуда
ШЫМКЕНТ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» ӘКК сервистік-дайындау орталықтарына биылғы жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізу басталды.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне корпорацияның баспасөз қызметінен хабарлады.«Биылғы жылы 564 млн. теңгеге 191 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын лизингіге сатып алу жоспарлануда. Әріптес компаниялар көктемгі далалық жұмыстарға қажетті техниканы жеткізуді бастады. Бұл күндері «Борусан Макина ? Қазақстан» компаниясы қажетті техниканы 5 күннің ішінде жеткізіп үлгірді. «Бәйдібек» және «Қазығұрт» сервистік-дайындау орталықтары 4 «Челенджер» тракторларын алды», - дейді «Оңтүстік Агрохолдингі» ЖШС директоры Досайбек Әшіров.
Сонымен қатар елдің оңтүстік аймағында сервистік-дайындау орталықтарын құру одан әрі жалғастырылуда. Олар «Оңтүстік» аймақтық агрокешені» инвестициялық бағдарламасы ауқымында құрылуда және бұл күндері 17 осындай орталық жұмыс істейді. Олардың міндеттері ? оңтүстік шаруаларының жеміс-көкөніс өнімдері өндірісін өңдеу, сақтау, жеткізу және өткізу болмақ. 2008 жылы «Оңтүстік» Агрохолдингіне» кіретін компаниялар сервистік-дайындау орталықтары үшін 599 млн. теңгеге 177 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алды.Орталықтардың басты жетістіктерінің бірі ? олар ұсақ шаруа қожалықтарының бірігуіне негіз болып отыр. «Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көптеген экономикалық, әлеуметтік және басқа да проблемаларды еңсеруде көмектесе отырып, бұл орталықтар шағын агробизнестің ішкі елеулі әлеуетін тиімді пайдалануға және толық ашуға жәрдемдесуде», - деп санайды «Оңтүстік» ӘКК агроөнеркәсіптік кешен департаментінің директоры Индира Белгібаева.