Сеулде Қазақстан мен Кореяның қорғаныс министрлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Корей Республикасы Ұлттық қорғаныс министрі Тэ Ёнг Киммен кездесті. Екі елдің қорғаныс министрлері қорғаныс ведомстволары арасында өзара түсіністік пен әскери саладағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Сонымен бірге кездесу кезінде әскери ынтымақтастықтың келешектегі жай-күйі талқыланды.
1948 жылғы қазанның 1-де - Корей Республикасы Қарулы Күштері құрылды. ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Корея қорғаныс ведомствосы басшысы мен жеке құрамды осы атаулы күнмен құттықтап, сапар барысында екі ммелекет арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша екі жаққа да пайдалы пікір алмасулар болғанын атап өтті.
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы: "Біздің елдер арасында дипломатиялық байланыстар белгіленген мерзімнен бастап, қазақ-кәріс қарым-қатынасы барлық сала бойынша белсенді сипат алды", деді.
Қазақстанда 300-ден астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Екі мемлекеттің басшылары арасындағы байланыс та Қазақстан мен Корея қарым-қатынастарына оң серпін беретіндігін атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы сәуір айында Корей Республикасындағы Қазақстан жылының ашылуына орай жасаған іс-сапары, 2010 жылғы маңызды оқиғаның бірі екендігі күмәнсыз.
- Осындай тұрақты кездесулер өткізу - қазақстан-корея қорғаныс саласының дамуынына оң ықпал етеді, -деп атап өтті Қазақстан Қорғаныс министрі.
Қазақстан мен Корея қарулы күштері арасындағы өзара байланыстың негізгіт бағғыттары - бұл корея тарапының қазақстан әскери-теңіз күштерінің дамуына қосқан үлесі, жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен кездесулер, сонымен бірге қазақстандық әскери қызметшілердің Корея әскери оқу орындарында білім алуы.
Корей Республикасында алынған әскери білім cапасы, Қазақстан тарапын қанағаттандырып отыр. Осыған байланысты Әділбек Жақсыбеков бұл салада келешекте ынтымақтастық нығая түсетініне сенім білдірді.
Корея әскери оқу орындарында 2005 жылдан бері қазақстандық 4 әскери қызметші оқыса, қазіргі кезде 8 адам білім алуда. Болашақта Кореяда оқығысы келетін офицерлердің санын арттыру жоспарда бар.
- Корея жағымен әскери-техникалық салада ынтымақтасудың маңызы жоғары. Әскери-теңіз күштерінің қалыптасуы мен оның дамуына қолғабыс жасағандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз, - деп атап өтті Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы.
Корей ұлттық қорғаныс министрлігінен 2006 жылы әскери теңізшілердің іс жүзінде тәжірибесін жетілдіру үшін үш күзет кемесі жіберілді.
Екі мемлекет қорғаныс ведомствосының басшылары арасында Каспий теңізінде әскери және азаматтық кемелерді жөндейтін көп салалы кеме жасау кешенін салу жөнінде де әңгіме қозғалды. Бұл ретте корей жағының технологияны трансферттеу мен қызметкерлерді оқытуды қамтамасыз етуі қарастырылған.
Сапар шеңберінде қазақстандық әскери делегация Әскери-теңіз училищесінде болды. Мұнда Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы аталмыш оқу орнында оқып жатқан ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен кездесті.
Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қорғаныс министрімен бірге Корея Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерімен танысып, су ығыстырғышы 450 тонналық кораблін көрді, «STX Co» кеме жасау зауытында болды және атыс, радиолакация, байланыс пен бақылау жүйесін өндіретін «Samsung Thales» әскери өндіріс кешенінің кәсіпорнын аралады.
Қорытындысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, Қазақстан мен Корей қорғаныс ведомствосы арасында сапар барысында әскери сала бойынша қол қойылған ынтымақтастық меморандумы, қазақстан-корея қарым-қатынасындағы аса маңызды оқиғалардың бірі екендігін және оның өзара ынтымақтастыққа жаңа серпін беретіндігін атап өтті.