18:21, 26 Сәуір 2013 | GMT +5
Шаған өзенінде шомылған 47 жастағы ер адам суға кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Шаған өзеніне 47 жастағы ер адам суға кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

25 сәуір күні белгіленбеген орында суға шомылу кезінде Батыс Қазақстан облысында Мичурин ауылы маңында Шаған өзеніне 47 жастағы ер адам суға кетті.
Оның денесін ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің 4 адамнан құралған жеке құрамы және 1 бірлік техника жұмылдырылып, судан шығарып алды.