Шағын және орта бизнес Алматы қаласы экономикасы дамуының стратегиялық берік негізі - Ахметжан Есімов

МАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен «Алматы бизнесі - 20 жылдық өрлеу» деген атпен кәсіпкерлердің форумы болып өтті.
None
None

Оның жұмысына бизнес ассоциациялардың, шағын және орта бизнестің, банк секторының, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Форум барысында Алматы әкімі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударып отырғандығын атап өтті.

«20 жыл ішінде қажетті реформалардыңы жүзеге асуының арқасында еліміз посткеңестік дәуірден алға шықты. Қазір қалада 74 мың кәсіпкерлік субъектілері бар, олардың 55,2 мыңы - жеке кәсіпкерлер. Кіші бизнесте 350 мың адам жұмыс істейді. 2008 жылы әкімдік жанынан Іскерлік Кеңесі құрылған болатын. Қазір олардың жетекшілігімен бірқатар оң шаралар жүзеге асты. Мысалы, кәсіпкерлер өз істерін алған ашқан кезде электр энергиясының тек бір бөлігінің ақысын ғана төлейді, жер бөлінгенде оның құнының 40% -ын өтейді, салық төлеуде де жеке кәсіпкерлер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған, патентпен жұмыс істейтіндер жылына бір -ақ рет салық есебін өткізеді»,-деді қала әкімі А. Есімов.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасына қаладан жалпы құны - 75 млрд. теңге болатын 16 жоба енген. «Соның арқасында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Индустрия және жаңа технологиялар министрілігіне жалпы құны 334 млрд. теңге болатын, нәтижесінде 3 мың орын ашылатын 38 жоба да жіберілді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бойынша Алматының Өңірлік Үйлестіру Кеңесі жалпы құны 17.млрд. теңге болатын 49 жобаны бекітті. «Өнімділік - 2020» бағдарламасына қала бойынша 14 кәсіпорын еніп отыр, олар 7,3 млрд. теңгені игеріулері тиіс, бұл осы бағдарламаға бөлінген ел бюджетінің 39% -ын құрайды. 2010 жылы «Экспорт - 2020» бағдарламасы бойынша қаланың 13 кәсіпорны өз шығындарының 77,8 млн. теңгесін қайта өндіріп алды, бұл республика ауқымының 55,5% -ын құрайды»,-деді қала басшысы.

Қала әкімі сонымен қатар: «Дағдарысқа дейінгі 2005 - 2007 жылдары қалада экономика қарқынды өсті. Құрылыс және қаржы секторы көш бастады. Алайда, дағдарыс кезінде бірқатар құрылыс ұйымдары банкротқа ұшырады. Мұндай келеңсіздікке банк саласы да ұрынуы әбден мүмкін еді. Жалпы, өнім өндіруде осы салалар үлесі 50% -20% аралығында болды. Дәл осы кезде қала экономикасын тоқыраудан кіші және орта бизнес құтқарып қалды. Ол тек сақтап қана қойған жоқ, өз позициясын нығайтты. Қазір шағын және орта бизнес республиканың 30%-ын құрауы тиіс міндеті қойылып отырғандығын білесіздер. Алматы қаласы бойынша ШОБ мемлекеттік бюджет түсімінің 62%-ын беріп отыр. Сондықтан да мен шағын және орта бизнес Алматы қаласы экономикасы дамуының стратегиялық берік негізі деп есептеймін. Шағын бизнеспен қатар, орта және ірі кәсіпорындарға да қолдау білдірген жөн. Олардың қазіргі үлес салмағы небәрі 7 пайыз ғана», - деді.

Әкім «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ ұлттық компанияларының кәсіпорындары тарапынан да оң істердің жүзеге асып жатқандығын жеткізді. Алматы өнеркәсібі 8 ай ішінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға өскен.

Қала басшысы сондай-ақ, кәсіпкерлерді құқық қорғау органдары және басқа да құзырлы органдар тарапынан еш негізсіз тексере беруге болмайтындығын және әкімшілік кедергілерді жою қажеттігін айтты. «Биыл бізде жоспарсыз тексерулер көбейіп кеткен. Мысалы, санэпидембақылау-6406 тексеру, ТЖД - 3031, Ауыл шаруашылығының өңірлік инспекциясы- 995, әлеуметтік қорғау департаменті - 433, өңіраралық жер инспекциясы - 423, медициналық- дәрі дәрмек сапасын тексеретін департамент - 380, әділет департаменті 277 тексеру жүргізген. Қызық деталь. Тексеру бойынша орталық органдар беретін тапсырмалар әсіресе, мерекелер қарсаңында күрт өседі», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі қазіргі кезде Алатау ауданында Индустриалды аймақ құру жөнінде үлкен жұмыстар жүріп жатқанын да айтты. Мұнда мемлекет қазіргі заманғы құрылыс инфрақұрылымын, жол, энергия, жылу обьектілерін салуды өз мойнына алып отыр. «Алматы» ӘКК-сі мен бизнестің бірігіп жұмыс істеуі де көп пайда бермек. Яғни, мемлекеттік - жеке серіктестік дамитын болады.

Қала әкімі форум барысында сонымен қатар, Алматы қаласын туристік орталыққа айналдыру туралы да сөз етті. «Алматы қаласы туристік орталыққа айналса, оның берері мол болар еді. Өкінішке орай, көптеген туристік фирмалар біздің азаматтарымызды шетелге шығарумен ғана айналысып келеді. Қала мен Алматы маңында туризм инфрақұрылымын орнықтырумен айналысатындар шамалы. Мамандардың айтуынша, туризмді қалада дамытқан кезде ол жалпы өнімінің 10% -ын береді екен. Кеше мен туризм басқармасын құру туралы қаулыға қол қойдым. Мұндай дербес басқарма тұңғыш рет тек біздің Алматыда ғана құрылып отыр. Оның құрылуы өте уақтылы әрі пайдалы деп ойлаймын. Аталған басқарма қалада туризмді дамыту жолында аянбай еңбек етеді деген сенімдемін», - деді Ахметжан Есімов.

Форумды ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Қайрат Айтекенов жалғастырды. Ол өз сөзінде Алматының кәсіпкерлік пен бинез- бастама бесігі екендігін, Алматы кәсіпкерлері қашан да биік көрсеткіштерден көрініп келе жатқандығын айтты.

Форум соңында қала кәсіпкерлері Ахметжан Есімовке мемлекеттік - жеке серіктестікті және Алматыда кәсіпкерлікті дамытудағы ерен еңбегі үшін өздерінің құрмет грамотасын табыс етті. Ал қала әкімі мегаполис бизнесмендеріне алғыс хаттарды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар