Шағын және орта бизнес өткен үш айда 56 миллиард теңгенің өнімін шығарды - Павлодар облысы
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,2 пайызға көп, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ нарықта белсенді жұмыс істеп отырған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға өсіп, 25 300 субъектіні құраған. Оның 2900-ы заңды тұлғалар болса, 19 100-ы - жеке кәсіпкерлер, 3200-ы - шаруа қожалықтары. Ал шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 0,2 пайызға өсіп, 96 600 адамды құраған.
Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 49,2 миллиард теңгенің өнімін шығарса, жеке кәсіпкерлер - 5,5 миллиард теңгенің, шаруа қожалықтары - 1,3 миллиард теңгенің өнімдерін шығарып отыр.