Шағын және орта бизнесті қолдауды қаржыландыруда ай сайын 30 миллиардқа жуық теңге игеріледі ? Қ. Келімбетов

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Екі аптаның ішінде банктер арқылы шағын және орта бизнесті қолдауды қаржыландыруға бөлінген қаржының 10,3 миллиард теңгесі игерілді.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің Алматыдағы жұмыс сапары аясында қалалық әкімдікте өткен алқалы жиында айтылды, деп хабапрлайды ҚазАқпарат. «Шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекеттік бағдарлама бойынша 120 миллиард теңге бөлінді. Ай сайын оның 30 миллиардқа жуық теңгесін игермекпіз. Бұл бағдарламаны жүзеге асыра бастаған 2 аптаның ішінде банктер арқылы 10,3 миллиард теңге игерілді. Оның 7,2 миллиарды 415 жаңа несиеге берілді», - дейді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қ. Келімбетов. Қайрат Нематұлының айтуынша, қайта қаржыландырылған 208 несиенің сомасы 3,1 миллиард теңгені құрап отыр. Олардың өсімі 12,5 пайыздан аспайды. Банктер бұдан бөлек 510 ипотекалық заемды қайта қаржыландырған. Оның жалпы көлемі 20,5 миллиард теңгені құрайды.
Соңғы жаңалықтар