Шағын және орта бизнестің кейбір елдердің экономикасына қосатын үлесі 90 пайызды құрайды - Дүниежүзілік банктің бас маманы
Бұл туралы бүгін Алматыда жарияланған Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының «Бизнесті жүргізу 2013» рейтингі туралы бірлескен баяндамасын жариялау кезінде айтылды.
«Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу 2013» рейтингі баяндамасында 11 өлшем қарастырылған. Онда кәсіпкерлік қызметті реттеудің 11 саласы қамтылған. Оларды негізгі 2 жіктелімге бөлуге болады. Біріншісі, реттеу үдерісінің қиындығының деңгейі мен шығын көлемі. Екіншісі, құқықтық институттардың жағдайы», - дейді Дүниежүзілік жеке секторды және қаржы секторын дамыту жөніндегі бас маманы Кэролин Гегинат. Оның айтуынша, бірінші жіктелімде бизнес ашу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен қамтамасыз ете алу, мүлікті тіркеу, салық айналымы мен халықаралық сауда салалары, ал екіншісінде, несиелеуге қолжетімділік, инвесторларды қорғау, келісімдердің орындалуы, төлем қабілетсіздігі мәселелерін шешу және персоналдарды жалдау жағдайы қарастырылды.