20:24, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
Шағын және орта бизнестің кредиттерін мемлекет есебінен субсидиялау керек - Н. Назарбаев
қпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Шағын және орта бизнестің кредиттерін мемлекет есебінен субсидиялау керек. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысы барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев осылай мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі Кеңес барысындағы баяндамалардан, сөз сөйлеулерден екі проблеманың бар екендігі айқын білініп отыр. Оның біріншісі - шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселесі. Бұл бағытта қаржыландырудың қолжетімділігі шешімін тапқаны жөн. Ондай қаржыландырудың екі тетігін іске асыру қажет. Бұл біріншіден - мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен орта мерзімдік қаржыландыру жүргізілуі тиіс. Екіншіден - шағын және орта бизнестің банктерден алған кредиттерні мемлекет есебінен субсидиялау қажет. Бұл мәселелер шешімін табады. Екінші проблема - құқық қорғау органдарының шағын және орта бизнеске қатысты қарым -қатынасына байланысты. Менде бұған қатысты мысалдар жеткілікті», деді Елбасы.