08:09, 23 Желтоқсан 2011 | GMT +5
«Шахтер» ФК ұлттық құраманың үш ойыншысымен келісім-шартты ұзартты
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасының үш ойыншысы - қақпашы Александр Мокин, жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев және шабуылшы Сергей Хижниченко келесі маусымды ел чемпионы - қарағандылық «Шахтердің» құрамында өткізеді,
деп хабарлады sports.kz спорттық-жаңалықтар порталы.
Сайтта атап өтілгендей, «Шахтер» футбол клубы өзінің алғашқы оқу-жаттығу жиындарының барысында А.Мокинмен, Ұ.Қонысбаевпен және С.Хижниченкомен келісімшартты ұзартты. Қазақстандық премьер-лиганың таңдаулы ойыншыларымен жаңа келісімдерге қол қойылуы қарағандылық клубтың көптеген жанкүйерлерін қуантпақ.
Футболдан «Шахтер» командасы Қазақстанның чемпионы атағына 2011 жылғы қазанда «Астана» командасымен финалдық жекпе-жектегі жеңісі нәтижесінде ие болды. Қарағандылықтар клуб тарихында алғаш рет алтын медальға қол жеткізді.