Шахтинск қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бұған дейін Қарағанды облысының жолаушылар көлігіжәне автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған ӘскербекХалтонов Шахтинск қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол аталмышқаланы алты жыл бойы басқарған Сержан Аймаковтың орнына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шахтинск қаласында облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен қалалық

мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар ұсынылған үміткерді

бірауыздан мақұлдады.

Өңір басшысы активке қаланың жаңа әкімін таныстырды. Ол Сержан Аймаковқа

атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, жаңадан тағайындалған басшыға

Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттер қойды.

Әскербек Халтонов еңбек жолын «Қарағанды жолдары» АҚ жол жұмысшысы болып

бастады, одан кейін шебер, бас инженер, бастықтың орынбасары болып жұмыс

істеді.

2005 жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметке келді. Көлік және коммуникация

министрлігі жанындағы облыстық басқармада еңбек еткен.

Кейін облыс әкімі аппаратына ауыстырылып, құрылыс, байланыс және жол-көлік инфрақұрылымы бөлімін басқарды.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары болды.

2017 жылғы шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымында еңбек етті.


Соңғы жаңалықтар