Шахтинск қаласында ағашқа соғылған мотоцикл жүргізушісі ажал құшты

ҚАРАҒАНДЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында қатты жылдамдықпен келе жатқан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі ағашқа соғылып, тіл тартпай кетті.
None
None

Бұл туралы аймақтағы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшыларының деректеріне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 25 сәуір күні Шахтинск қаласының Ленинград көшесінде орын алған. ««Suzuki» мотоцикліне мінген 25 жастағы жігіт басқару тетігіне ие бола алмай, ағашқа соғылды. Жарақаттанған жүргізуші орталық ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілген-ді. Алайда ол есін жимастан көз жұмды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ақ халаттылар 22 жастағы жолаушыға да медициналық көмек көрсетті.

«Жүргізуші арнайы бас киімсіз болған. Бұған дейін онымен жол сақшылары алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізген», - дейді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар