Шахтинск тұрғыны немере інісін ваннадағы суға тұншықтырып өлтірді

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға 30 шілде күні шамамен сағат 23.00-де орын алды. Керуетте жатқан 9 жасар баланың мәйітін келесі күні таңертең оның туыстары тауып алған.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баланың беті мен денесінде қанды ісіктер анықталды. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, оқушы «суға тұншықтырудан» көз жұмған.

Полиция қызметкерлері көп ұзамай 29 жастағы пәтер иесін ұстады. Ол марқұм баланың ағасы болып шықты.

Ер адам қолда бар айғақтарға байланысты өз кінәсін мойындады. Айтуынша,  жанжал барысында өзінің үйіне қонаққа келген баланы таяқпен және белдікпен ұрып-соғып, кейін су толы ваннаға тұншықтырып өлтірген де денесін керуетке жатқызған.

Криминалистер оқиға орнынан белдік пен таяқты алды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар