Шахтинскінің сапаржайына «бомба қойған» лаңкес ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында сапаржайға «жарылғыш зат қойған» 50 жастағы ер адам қолға түсті.
None
None

«4 шілде күні кешке Шахтинск қаласының өртке қарсы қызметіне қалалық сапаржайдың ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Ақпарат құқық қорғау органдарына таратылды. Нәтижесінде сапаржайдағы халық қауіпсіз жерге көшіріліп, нысан толық тексерілді, бірақ жарылғыш зат табылмады», - делінген таратылған хабарламада.

Қоңырау шалынған телефонның нөмірі арқылы күдікті анықталды.

«Ұсталған 50 жастағы ер адам өзінің ащы суға тойып алып, әзілдегісі келгенін айтты. Енді оған заң бойынша жауап беруге тура келеді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 242-бабы (Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабар беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтілген хабарламада.

Сезікті уақытша ұстау абақтысына тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар