Шалғайдағы Бисен ауылына табиғи газ жеткізілді - БҚО

ОРАЛ. 2 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылында газ алауын жағу салтанаты болды.
None
None

Аудан әкімі Рахман Кариннің айтуынша, салтанатқа облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Алмаз Бадашев, жергілікті тұрғындар қатысты.

Газ құбырын жүргізуге 600 млн. астам теңге жұмсады. Оны негізінен «Лайгэ» ЖШС атқарды. Сондай-ақ «Есбол Марданов» ЖК ауылды газдандыруға өз қаржысын салып, үлес қосты. Аз уақыттың ішінде елу үй, орта мектеп, мәдениет үйі, балабақша газға қосылды.

Ауыл үйлері мен ғимараттарды газдандыру жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар