09:04, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Қырғызстандағы жағдайға алаңдаушылық білдіреді - ШЫҰ Бас хатшысы
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Қырғызстандағы жағдайдың тезірек реттелетініне үмітті және ұлттық келісім Қырғызстан халқының мүддесіне сай, ол ШЫҰ кеңістігіндегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға қолдау болады деп санайды.
ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев Қырғызстандағы жағдайға байланысты жасаған мәлімдесінде осылай деді.
«Шанхай ынтымақтастығы ұйымы адам құрбандықтарына әкелген Қырғыз Республикасындағы соңғы оқиғаларға алаңдаушылық білдіреді және қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтады. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше және Ұйымға мүше елдердің жақын көршісі болып табылатын Қырғыз Республикасындағы тыныштық, қауіпсіздік пен саяси тұрақтылық барша аймақ үшін өте маңызды», - деп атап көрсетті М.Иманәлиев өз мәлімдемесінде.