Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер кеден қызметінің сарапшылары бас қосты - Шанхай

БЕЙЖІҢ. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шанхайда 26-27 сәуірде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер кеден қызметтері сарапшыларының 3-ші отырысы өтті.
None
None

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің кеңесшісі Мұхтар Байболовтың айтуынша, басқосуда Кеден органдарының лауазымды тұлғаларын дайындау және олардың біліктіліктерін жетілдіру саласындағы ынтымақтастығы туралы ШЫҰ елдері кеден қызметтерінің арасындағы хаттаманың орындалу барысы туралы ақпараттар алмасылды.

«Мәжіліске қатысушылар ШЫҰ елдерінің кеден қызметі оқу орындарының негізгі бағыт-бағдарлары, міндеттері мен қызметтері, даму келешегі туралы хабардар етілді», - деп атап көрсетті М.Байболов.

Шанхай кеден академиясының базасында өткен мәжіліске Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей кеден қызметтерінің өкілдері қатысты.

Шанхай кеден академиясының басшылығы Ұйымға мүше елдердің кеден қызметкерлері үшін 2011 жылдың мамыр айында кедендік ынтымақтастық бойынша семинар өткізуге әзірлігін қуаттады.

Соңғы жаңалықтар