Шанхайда ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы таныстырылды

ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Азия, Тынық мұхиты және ТМД мемлекеттері бөлімінің бастығы Альмира Молтабаеваның айтуынша, таныстырылған ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясын дамытудың жаңа стратегиясы Форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Олар еліміздің Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығымен» серіктестік ынтымақтастық орнатуға ниетті.
Форумның қатысушылары мен меймандары ретінде 90-нан астам жетекші жоғары және орта оқу орындарының, сондай-ақ Еуропаның 28 елінің, Азия, Африка, Азия-Тынық мұхиты аймағы және АҚШ-тың білім беру орталықтары мен институттарының өкілдері қатысты.
ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ делегациясы сондай-ақ Шанхай қаласында 27-29 сәуір аралығында өтіп жатқан «9-шы Халықаралық білім көрмесінің» аясындағы «Білім беру саласындағы халықаралық әріптестіктің 9-шы Халықаралық форумына» қатысты.