12:04, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Шарбақты ауданының кәсіпкерлері Павлодар дүкенінде әлеуметтік бөлім ашты
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Шарбақты ауданының ауыл кәсіпкерлері Павлодардағы үлкен дүкендердің бірінде әлеуметтік бөлім ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сөрелерде - киләсі 45-50 теңге тұратын ұн, ауыл наубайханаларында пісірілген түрлі тәтті-дәмді тоқаштар қойылған. Ал Шарбақты құс фабрикасы тауық жұмыртқасын әкеп сатуда, бұл жерде сондай-ақ бөдене жұмыртқасы да сатылады - ауданда тұңғыш рет бөдене өсіру қолға алынып отыр. Кәсіпкер Д.Қарашашеваның фирмасы ет өнімдерінің мол түрін ұсынуда. Павлодар супермаркетіндегі Шарбақты ауданының бөлімі қала тұрғындарына өз өнімдерін базар бағасынан арзан сатады. Ауыл кәсіпкерлері жақында облыс орталығында өз дүкенін ашпақ.