Шекарада екі еліктің етімен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-Ресей шекарасы арқылы еліктің етін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
None
None

Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ авто» бақылау-өткізу бекетінің наряды екі еліктің етін заңсыз әкетіп бара жатқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады. Олжаларын таразыға тартып жібергенде 50 келіге жетіп жығылды.

Еліктің етіне еліккендер астарына жол таңдамайтын «УАЗ» көлігін мініп алып, солтүстіктегі көрші елге жол тартып барады екен.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылып, тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар