Шекарада ҚР азаматы бір тонна құс етімен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасында 45 жастағы азаматтың бір тонна құс етін заңсыз алып өтуге әрекеттенген әрекеті сәтсіз аяқталды.
None
None

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Еліміздің оңтүстігіндегі Тараз шекара отрядына қарасты «Сыпатай батыр» заставасының наряды қырғыз жерінен елімізге бір тонна етті заңсыз өткізбек болған отандасымызды ұстады.

Құс етін Қазақстан азаматы «KIA» автомобилімен алып өтуге тырысқан.

Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Мерке аудандық құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар