Шекарашылар Каспийде төрт балықшыны құтқарды

АТЫРАУ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында өткен мереке күндері Каспийге балық аулауға аттанған балықшыларды іздеу және құтқару операциясы сәтті аяқталды.
None
None

Үйлеріне оралмаған балықшыларды іздестіру операциясына шекарашылардың тікұшағы мен жүрдек катерлері жұмылдырылды. Төрт балықшы мінген қайық Қашаған кенішінің маңындағы суда, жағалаудан 150 шақырым жерден табылды.

Арнайы топ адамдарды тікұшақтың бортына көтеріп алмақ болды. Бірақ бір адамды ғана көтере алды. Қатты жел мен биік толқын қалғандарын тікұшақ бортына көтеріп алуға кедергі келтірді.

Құтқарылған балықшының айтуынша, двигательдің винті сынып қалып басқарусыз қалған қайық ашық теңізге ығып кеткен. Шекарашылар көмекке жеткен кезде, олардың тамақтары таусылып, 1 литрдей ғана сулары қалған екен.

Шекарашы катерлер қалған балықшыларды Атырауға жеткізді. Балықшылардың айтуынша, олар «Амангелді» өндірістік кооперативінен рұқсат алып, балық аулауға шыққан.

Соңғы жаңалықтар