10:59, 01 Шілде 2013 | GMT +5
Шекарашылар құны 2 млн. теңге тұратын алтын, күміс бұйымдармен Украина азаматшасын қолға түсірді - БҚО
ОРАЛ. 1 шілде. ҚазАқпарат - «Жайық» шекара бақылау бөлімшесінің шекарашылары №107 «Астана-Киев» жолаушылар пойызын тексеру кезінде ірі көлемде алтын,
күміс бұйымдар мен асыл тастарды алып бара жатқан Украина азаматшасын ұстады.
2029-әскери бөлімінің аға офицері, капитан Манарбек Қарекеновтің хабарлауынша, салмағы 2 келі тұратын қазына әйел сөмкесінің астарына жасырылған екен. Оның нарықтағы бағасы 2 млн. теңгені құрайды.
Контрабандалық тауарды шекарадан заңсыз өткізбек болған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.