13:52, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Шекарашыларды көрген барымташы 11 жылқыны тастай қашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Тараз шекара отрядының «Жасөркен» заставасының наряды өткен демалыс күндері қазақ-қырғыз шекарасы арқылы заңсыз түрде 11 бас жылқы өткізбек болған барымташының жолын кесті.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Жылқыларды қуалап келе жатқан барымташы шекара нарядын көрісімен қайтадан қырғыз жағына қарай бұрылып, бой тасалады.
Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде.