Шекарашылардың қаза тапқан жеріне марқұмдардың ата-аналары 4 тікұшақпен жеткізіледі - ҚР ҰҚК ШҚ директорының міндетін атқарушы Т. Стамбеков

ҮШАРАЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Шекарашылардың қаза тапқан жеріне марқұмдардың ата-аналары 4 тікұшақпен жеткізіледі.
None
None

Бұл туралы кеше ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков мәлім етті.

«Ертең біз «Арқанкерген» ауданына барамыз. Сол жерде ата-аналардың сұрақтарына жауап береміз. Біз қаза тапқан шекарашылардың орнына баратындарды аз деп ойладық, бірақ 60 адам болып шықты. Сондықтан да мен 4 тікұшақ жібердім, сонымен адамдар қосынға жеткізілетін болады», - деді Т. Стамбеков.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін, 27 шілдеде марқұм болған шекарашылардың ата-аналары сарбаздардың қаза тапқан жері - «Арқанкерген» заставасына оларды еске алу үшін аттанбақ. Одан соң қаза тапқан шекарашылардың туыстары алдағы уақытта салынатын ескерткіштің тастарын қаламақ ниетте. Бұл шара біткенен кейін Үшарал қаласының ҚР ҰҚК ШҚ №2484 әскери бөлімінде ас беріледі.

Естеріңізге сала кетейік,  30 мамырда ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасы Үшарал шекара жасағы «Сары бөктер» заставасының наряды тауда жазғы уақытта 15 шекарашы қызмет атқаратын «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимаратын көрген. Тексеру барысында жанып кеткен 14 адамның, оның ішінде бекет жанында орналасқан аңшылық шаруашылығы қорықшысының мәйіті табылды. Тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах оларды өзінің өлтіргенін мойындады. Тергеу  бойынша оны «қылмысқа ішкі қақтығыс, есінің түсіндіруге келмейтін күйде болуы итермелеген».

Соңғы жаңалықтар