Шет елдерде тұратын қандастарымыздың балаларын дайындық курсында оқыту үшін жылына 1500 квота бөлінеді

  АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елімізде шет елдерде тұратын қандастарымыздың балаларын дайындық курсында оқыту үшін жылына 1500 квота бөлінеді. Бұл жайында  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев www.bnews.kz порталында өткен Online-конференция барысында мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарт.

  Комитет төрағасының айтуынша, мемлекетіміз Қытай, Ресей, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан елдерінде тұратын  қандастарымызды дайындық курсында тегін оқытып, арнайы шәкіртақы беріп, жағдайын жасайды.

  «Дегенмен соңғы үш жылдан бері осы 1500 баланы жинай алмай жүрміз. Баяғыда бір Моңғолияның өзінен осыншама бала келіп білім алатын.

Қазір біздің, елшіліктердің, қауымдастықтардың хат жазғанының өзінде де жоспарды орындай алмай келеміз», деді Қ.Әбішев.

  Сондай-ақ ол орын алып отырған бұл жайтты түсінбейтіндігін, шет елдердегі қандастарымыздың білім алуға деген ынталарының жоқтығына немесе насихат жұмыстарының аздығына жорырын білмей отырғандығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар