Шетел өнеркәсіпшілері Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасы ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктерді пайдаланулары қажет - Вице-Премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев

АНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Түркияда қазақстандық және түрік кәсіпкерлерінің қатынасуымен екі бизнес-форум болып өтті.
None
None

Аталмыш шаралар Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегацияның мамырдың 3-4-індегі Түркияға жасаған сапарының аясында өтті, деп хабарлады Қазақстанның Түркиядағы елшілігінен.

Бірінші форум Түркияның жетекші бизнес қауымдастығы болып табылатын «ТУСИАД» ұйымының ұйытқы болуымен өтті және оған ірі бизнес өкілдері қатысты. Екіншісі болса, шағын және орта бизнес өкілдері болып табылатын «ТИМ» Түркия Экспортшылар Кеңесі және Түркияның «ТУСКОН» атты Өндіріс және Кәсіпкерлер Конфедерациясының басқаруымен ұйымдастырылды.

Әсет Исекешев елдегі жоғары бизнес қауымының өкілдерімен де жекелеген кездесулер жүргізді. Олардың ішінде Ахмет Чалык - «Чалык Холдинг» (мұнай-газ инфрақұрылымының құрылысы, газды өңдеу және өндіру, телекоммуникация, банк салалары бойынша), Әли Кибар - «Кибар Холдинг» (металл өнімдері және тамақ өнеркәсібі саласында жетекші өндіруші), Эрдоган Демирорен - «Демиорен Холдинг» (жетекші энергетикалық компаниясы), Ахмет Назиф Зорлу - «Зорлу Холдинг» (тұрмыстық заттар және текстиль бойынша Еуропаның бірінші орындағы өндірушісі), «ПЕТКИМ» мұнай-химия корпорациясының өкілдері және т.б. бар.

Түркия іскерлері Әсет Исекешевті Қазақстанға қатысты перспективалық және инвестициялық жоспарларымен таныстырды. Ал қазақстандық министр өз кезегінде, Қазақстанда қабылданған өндірістік және инновациялық бағдарламаның басты бағыты туралы және шет елдік инвестициялардың әлеуетті салаларын соның ішінде нақты инвестициялық жобалары туралы мағлұмат берді. Министр сондай-ақ түрік кәсіпкерлеріне Қазақстанның 80 өндірістік және инновациялық жобалары туралы ақпарат беріп, түрік өнеркәсіпшілерін Қазақстан Үкіметінің өндірістік және инновациялық бағдарламалары ұсынып отырған мүмкіншіліктерді кеңінен қолдануға шақырды.

Қазақстан делегациясының Түркияға сапары жергілікті бұқаралық ақпараттарда кеңінен таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар