Шетелдік инвестицияларды тарту индустрияландыру бағдарламасын табысты жүзеге асырудың маңызды факторы - Ә. Исекешев
Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІ пленарлық мәжілісінде Индустрия және сауда министрі Әсем Исекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондықтан да Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін өңірдегі ең тартымды алаң болуы үшін, әсіресе Ресей және Беларуспен Кеден одағын құру жағдайында, барлық күш-жігерді жұмсау біздің міндетіміз болып табылады», деді министр. Оның айтуынша, мұндай жұмыс қазірдің өзінде белсенді жүргізілуде. Тек осы жылы Мемлекет басшысының сапарлары мен уағдаластықтары аясында Италия, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай, Араб әмірліктері және басқа да елдердің жетекші компанияларымен жалпы сомасы 30 млрд. АҚШ долларынан астам салмақты құжаттар топтамасына қол қойылды. Әрбір жоба бойынша тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.